Кітапхана тарихы
Облыстық балалар кітапханасы Гурьев облыстық кеңесі атқару комитетінің 1966 жылы мамыр айының 19-нда қабылданған №212-р қарары негізінде ашылды.
Кітапхана орнының тарлығына байланысты, екіге бөлініп Самар және Пушкин көшелеріндегі тұрғын үйлерде қызмет көрсетуге мәжбүр болды. Кітапхананың алғашқы директоры болып жоғары білімді маман В.А.Лапшин тағайындалды. Кітапхана төменгі және жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсетіп, жыл соңына дейін 930 оқырманды қамтыды. Бастапқы кітап қоры бибколлектор, кітап дүкендері арқылы толықтырылып 10479 данаға жеткізілді.
Облыстық балалар кітапханасы 1971 жылы Абай алаңында орналасқан типтік жобада салынған жаңа ғимратқа көшті. Кітапхананың аумағы 1176,4 ш/м. Кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, кітапханада қосымша төмендегідей жаңа бөлімдер ашылды: ертегілер бөлмесі, кітап қорын сақтау бөлімі, өнер секторы.
1970-1990 жылдар аралығында облыстық балалар кітапханасын тәжірибелі маман Хамметова Роза Джафарқызы басқарды. Роза Джафарқызы Ленинград қаласындағы Мәдениет институтының түлегі, өзі игерген кітапханашы мамандығының білімді майталман маманы бола білді.
1992-2006 жылдар аралығында кітапхананы Ербатырова Сара Кенжеғұлқызы басқарды. Сара Кенжеғұлқызы 1969 жылы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген.
2006-2013 жылдар аралығында Алматы Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтын бітірген Гулайым Қадимқызы Баймурзина басшылық етті.
2013-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысындағы М.Өтемісов атындағы педагогикалық институтты бітірген Сара Салахединқызы Измұханбетова басшылық етті.
2018 жылдан қазіргі уақытта кітапхананы Алматы Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтын бітірген Перизат Қайыржанқызы Утеуғалиева басқарып келеді.
Қазақ тілі
Русский