«Ordagen» баспасының ертегі кітаптарынан қойылым
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Облыстық балалар кітапханасында 3-7 сәуір аралығында «Біз кітаппен өсеміз» кітап апталығы басталды.
Апталықтың алғашқы күні «Ordagen» баспасының ертегі кітаптарынан «Біздің ертегі» атты ертегілер қойылымы өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға ертегі туралы жалпы түсінік беру, ертегілер арқылы жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Мерекелік шара жүргізушісі кітапханашы Н.Асқарова «Орда» баспасынан шыққан кітаптардан жасақталған кітап көрмесімен таныстырды. Шара барысында әртүрлі ертегі кейіпкерлері келіп, оқырмандар олардың қай ертегіден екенін жарыса айтып, сұрақтарына жауап берді.
Одан әрі «Орда – әлем халықтары ертегілері» кітабынан «Сыпыртқы пері» ертегісінен қойылым оқырмандар назарына ұсынылды. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шараға Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының 3 «ә» сынып оқушылары және №15 Абай атындағы орта мектептің 3 «ә» сынып оқушылары, ұстаздар, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Қазақ тілі
Русский



