«Балдәурен» куыршақ театры

1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ертегі бөлмесінде «Балдәурен» қуыршақ театры жұмыс істейді. Бұл бөлмеде арнайы сахна үйшік жасақталып, қойылымға керек қуыршақтармен жабдықталған. Бұл қуыршақ театрына бөлім кітапханашысы Есболатқызы А. жетекшілік етеді. Мүшелері саны — 12

Қуыршақ театрының мақсаты: ертегілер елінен келген кітап кейіпкерлері арқылы кішкентай бүлдіршіндердің кітапханаға деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға қызықтыру, кітапхана өмірімен таныстырып, кітапты сүйе, бағалай білуге баулу.

Кітапхананың кішкентай оқырмандары бұл клубқа мүше болуға әрдайым қызығушылық танытып тұрады. Мәселен, Угапов Жанболат, Сабырғали Құралай, Қанағат Арайлым, Бағыт Дидар сынды оқырмандар 1 сыныптан бастап қатысып келеді.

Қуыршақ театрының мүшелері 9 ертегі қойылымын кітапханада өткен түрлі мәдени шараларда көпшілік назарына ұсынды. Атап айтсақ «Бауырсақ», «Үйшік», «Қызыл телпек», «Екі дос», «Түлкі, қоян және әтеш», «Үш аю», «Снежная королева», «Қу түлкі», «Мақта қыз бен мысық». Қойылымға 8 ай ішінде қатысқан көрермендер саны — 162 бала.

Бөлім қызметкерлері жаз айларында балалардың уақытын тиімді өткізу үшін мектеп жанындағы жазғы лагерлермен бірлесіп түрлі шаралар өткізіп, демалушы балалар  ертегілер қойылымдарына белсене қатысуда

baldәuren

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля