«Жас ісмер» қолөнер үйірмесі

zhas-ismerКітапхананың өнер секторында «Жас ісмер» үйірмесі қызмет етеді. Үйірме жетекшісі — сектор кітапханашысы Мухамбетова А.С.  

Мақсаты: Оқырмандардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, шеберлікке үйрету, қолөнерге деген қызығушылық құлшынысын ояту.

Бұл үйірмеге №15 Абай атындағы орта мектептің, Облыстық есту қабілеті нашар мектеп-интернатының, Н. Тілендиев атындағы КӨА-ның оқушылары қатысады. Олар көбінесе кесте тігумен, сурет салу, әртүрлі матадан жұмсақ ойыншықтар жасау т. б. жұмыстармен айналысады. Үйірме мүшелерінің қолымен жасалған бұйымдары қолөнер ерекшеліктері туралы оқырмандарға насихаттау мақсатында «Саусағынан өнер тамған» атты көрмесіне қойылып, көпшілік оқырман назарында. Сонымен қатар, қолөнер шеберлері арасында кітапханада өткен түрлі шаралар мен сайыстардан жүлделі орындарға ие болуда.

Үйірме мүшелеріның саны — 12. ( 12 шара) өткізілген жұмыстары:

Сурет салу (қыс мезгілі пейзаж салу) — қаңтар айы;

Қағазбен жұмыс (қар қылауларын қию) — ақпан айы;

Сурет салу (Көктемгі пейзаж салу) — наурыз айы;

Қағазбен жұмыс (ою-өрнек ойып қию) — сәуір, мамыр айлары;

Сурет салу (Жазғы пейзаж салу) — маусым айы;

Ел ордасы Астананы бейнелеу сурет сайысы — шілде айы;

Пласталинмен жұмыс — тамыз айы.

Жалпы қатысушылар саны — 81 бала.

Сонымен қатар кітапханада өткізілген шараларға да үйірме мүшелері өз үлестерін қосып атсалысуда. Мәселен 23 қаңтар күні «Қыс мезгілінің пейзажы» атты  сурет салу сайысы өткізілді, осы сурет көрмесіне өз туындыларын ұсынған «Жас ісмер» үйірмесінің мүшелері Абай атындағы №15 орта мектептің 4 «ә» сынып оқушысы Ғилаж Азизаға, Абай атындағы №15 орта мектептің 4«ә» сынып оқушысы Молдалиева Аружанға, Ю. Гагарин атындағы №4 орта мектептің 3 «в» сынып оқушысы Сабит Айбаршаға, Абай атындағы №15 орта мектептің 3 «ғ» сынып оқушысы Ғилаж Зухра осы мүшелері қатысып, кітапхананың атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

1 шілде Өнер секторының ұйымдастыруымен №13 Д. Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназия жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінің демалушыларымен «Вместе читаем и рисуем» сурет сағаты өтті.

Мақсаты: оқырмандарды кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға құмарландыру.

Алдымен өнер секторының меңгерушісі З.Ж. Алиева «Кітаппен өткен жаз қызық» атты кітап көрмесіндегі «Балаларға бәсіре», Б. Мәжитов «Балдәрен», М. Твен «Том Сойердің басынан кешкендері», С. Мәуленов «Балалық шақ», «Ертегілер елінде» т. б. кітаптарға библиографиялық шолу жасады. Одан әрі, оқырмандар сүйікті ертегі кейіпкерлерінің суретін бейнелеп қағаз бетіне түсірді.

Шара соңында З.Ж. Алиева оқырмандарды жазғы демалысын кітаппен қызықты өткізуге және кітапхананың тұрақты оқырманы болуға шақырды. Балалар кітапханаға келіп кітап оқуға ниет білдірді.

Шараға 15 оқырман қатысты.

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының 21 жыл толуы қарсаңында кітапхананың өнер секторының ұйымдастыруымен №13 Д. Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназия жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінің демалушы балаларының арасында «Ұлы дала төсінде — әсем Нұр-Сұлтан» атты сурет сайысы өтті.

Мақсаты: оқырмандарға елордасы — Нұр-Сұлтан қаласы туралы мағлұмат бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөз алған өнер секторының меңгерушісі З.Ж. Алиева Нұр-Сұлтан қаласының тарихы туралы балаларға әңгімелеп беріп, «Елорда — ел мақтанышы» атты кітап көрмесіндегі «Астана суретшілер көзімен», «Астана жыр құшағында», Х. Труспекова «Жаңа заман сәулеті» т. б. кітаптармен таныстырды.

Сайысқа 15 сурет түсті. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік деп таңдалған Ж.Аманжолов, Н. Сиғашов, А. Семби, С. Муслимова, А. Ержанұлы, М. Айдарқызы, Р.Асылбековтің суреттері танылды.  Шара аясында барлық  қатысушыларға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Жалпы шараға 15 оқырман қатысты.

12 тамыз күні өнер секторы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітапханаға саяхатқа келген №28 «Алмагул» балабақшасының бүлдіршіндерімен «Секреты пластилина» атты балалар өнер сабағы өткізілді.

Мақсаты: Кішкентай бүлдіршіндерді кітапханамен, кітаппен таныстыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ең алдымен кітапханашы А. Мухамбетова балалармен қызықты саяхат өткізді, «Ертегілер бөлмесімен»  таныстырды. «Мастерилка», «Коллаж» т. б. журналдар, кітаптар арқылы  пластилин туралы қысқаша түсінік беріп, пластилинмен жұмыс жасауға кірісті. Сабақ барысында «Кірпі», «Саңырауқұлақ», «Көбелек», «Көлік» т. б. көрнекті жұмыстар жасалды.

Бұл өнер сабағынан кішкентай бүлдіршіндер өз колынан шыққан жұмыстарына риза болып, көңілді әсер алды.

Қатысқан оқырман саны — 20.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля