«Жас қаламгер» жас ақындар клубы

5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің жанында бірнеше жылдан бері «Жас қаламгер» клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері  қала мектептерінен ақынжанды оқушылар, саны — 31. Жетекшісі — бөлім кітапханашысы Қитарова Г.С.
Клубтың мақсаты: Оқырмандардың ой-өрістерін, ақыл-ойларын, тіл-байлықтарын дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
«Жас қаламгер» клубы 6 шара өткізді. Атап айтсақ:

  1. «Нұр жауғызған — Әз наурыз» этнокомпозиция сағаты (қатысқан үйірме мүшелері: Тілек Айша, Жексенбаев Нұрсұлтан, Қанатұлы Ақниет, Дүржанова Аякөз, Амантаева Мадина) Оқырман саны — 20.
  2. «Туған жер киесі, дархан дарын иесі» Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы бойынша оқырман конференциясы (қатысқан үйірме мүшелері: Есенғалиева Данеля, Тілек Айша, Болат Перизат, Ерікқызы Диляра, Жеңіс Ақырыс, Төремұратова Альбина) Оқырман саны — 28.
  3. «Қазақ солдаты» Кеңес Одағының батыры Қ. Смағұловтың туғанына 100 жыл толуына орай кездесу кеші (қатысқан үйірме мүшелері: Апуажанов Жақсылық, Төремұратова Альбина, Кенжебаев Жалғас, Қайыржан Дәурен) Оқырман саны — 30.
  4. «Нұр-Сұлтан ұлтымыздың рухани ордасы» Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай мерекелік шара (қатысқан үйірме мүшелері: Исамбергенова Жұлдыз,  Бержанова Үміт, Сисенов Диар) Оқырман саны — 25.
  5. «Үш арыс» (Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллинге 125 жыл) әдеби танымдық кітап көрмесі (қатысқан үйірме мүшелері: Қойшығұлұлы Ағатай, Аңдашев Алимхан, Мирас Ғизатолла, Химиденқажы Ибрахим, Тілек Айша) Оқырман саны — 17.
  6. «Мемлекеттік рәміздер — ел мәртебесі» кітап көрмесі (қатысқан үйірме мүшелері: Тілек Айша, Ерікқызы Диляра, Шатенова Эльмира) Оқырман саны — 26.

Клуб мүшелері өздерінің жоспарларына сәйкес жұмыс жасап, кездесулер өткізіп, кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалармен танысып отырады.
zhas-қalamger

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля