Мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту, қауіпсіздік дағдыларына, заңға құрметпен қарауға үйрету.
Шараға Атырау облысы, Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дюсенғалиева Ботакөз Мақсотқызы қатысты. Ол оқырмандарға заңның негізгі рөлі, тәртіптің маңызы, құқықтық жауапкершілік туралы көптеген пайдалы мәлімет беріп, тақырыпқа байланысты видеоролик пен слайд ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ оқырмандар қонаққа ойларындағы сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.
Шара барысында кітапханашы Ж.Молдашева тақырыпқа сай жасақталған «Заңды білу- заман талабы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар қатысушаларға «QR- викторина» ойыны ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Оқырмандарға құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті түсінуге өз әрекеттеріне бақылау орнатуға мүмкіндік берді.

Қазақ тілі
Русский