Бүгін 28 қараша — жыр перзенті Жұмекен Нәжімеденовтың дүниеге келген күні. Осыған орай, Ұлы ақынның 90 жылдығына арналған Облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау қалалық мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұрпағым, саған айтам…» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Гимн авторы, жергілікті ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығын насихаттау.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

— І кезең: «Өзін таныстыру».

— ІІ кезең: «Жаныма жақын жырлардан». Ақын Жұмекеннің 1 (бір)

өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу.

— ІІІ кезең: «Жарқылдап жанарымда бір от менің…»

Ж.Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығынан дайындалған 1 (бір) сұраққа жауап беру және Ж. Нәжімеденовтың «Ұрпағым, саған айтам…» кітабы бойынша «Жұмекеннің қаламынан» атауымен 1 (бір) өлең шумақтарының жалғасын табу.

​Сайысқа төрелік еткен әділ-қазы мүшелері:

— ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, облыстық «Атырау»

газетінің тілшісі Қалижан Еркеназ Еркінқызы,

— Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі,

«Қазақстан РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары, бас редактор, облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының ақындық «Балауса жырлар» үйірмесінің жетекшісі Халелова Балауса Пушкинқызы,

— Облыстық балалар кітапханасының басшысы Утеугалиева Перизат

Қайыржанқызы төрелік етіп, әр қатысушының дауыс ырғағы мен орындаушылық шеберлігінің үндесуі, сахна мәдениеті, үміткердің барлық кезеңге толықтай қатысуын бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орынды — Отаралы Аян, №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты-ның 7«а» сынып оқушысы;

ІІ орынды — Рахмет Нұрберген, №15 Абай атындағы орта мектептің 7«а» сынып оқушысы;

ІІІ орынды — Ерсайын Нұрайым, Д. Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы иеленді.

Шара барысында, облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының ақындық «Балауса жырлар» үйірмесінің оқушылары Жұмекеннің жырларын ерекше мәнермен нақышына келтіре оқып, жырсүйер қауымды нәрлі жыр тұмасымен сусындатты.

Бұл шараға сондай-ақ Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенттері, №15 Абай атындағы орта мектептің оқушылары атсалысты.

Сайыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля