27 шілде күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі жазушы Оралхан Бөкеевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Дала көкжалы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, драматург, журналист, Қазақстан Республикасынын мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстан Республикасынын Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкеевтің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру және әңгімелерін кеңінен насихаттау.
Шара барысында бөлім кітапханашысы Алжанова Н. дарынды қазақ жазушысының бірі Оралхан Бөкеевтің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі жайлы айта отырып, жазушының кітаптарынан құралған көрмеге библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесіне әр жылдары жарық көрген жазушы әңгімелері, повесттер мен очерктер, көсемсөздер мен эсселер қойылды. Атап айтсақ, қаламгердің екі томдық таңдамалы шығармаларымен қатар, «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Кербұғы», «Тоқадан қалған тұяқ», «Өнерге өлердей — ақ ғашық едім» кітаптары қойылған. Қазіргі уақытта Оралхан Бөкеевтің кітаптарын түрлі ұлт өкілдері оқып, таныса алады. Қаламгердің шығармалары неміс, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай және жапон тілдеріне аударылған.
Қазақ тілі
Русский

