26 қаңтар күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Дұрыс бағыт — дұрыс жол» атты теолог мамандармен сұхбат өткізді. Сұхбатқа «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету қоғамдық қорының теолог мамандары Орынғалиев Ринат Сембайұлы және Олжабай Нұрлан Батырбекұлы шақырылды. Шараға Абай атындағы №15 орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Мақсаты: оқырмандарға діни танымды дұрыс қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға баулу. Оқырмандар санасына және қоғамға іріткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, діни ағымдардан сақтаудың жолдарын жеткізу.
Кітапханашы А. Сәлікқызы бүгінгі жасөспірім, ертеңгі азаматқа дінімізді, тарихымызды танып, дұрыс бағытта адал қызмет ететін адам болу керектігін айта өтіп, кітапхана қорындағы кітаптардан тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесіне шолу жасады.
Сұхбатқа қатысқан теолог мамандар оқырмандарға қазіргі замандағы дінге байланысты өзекті мәселелер, діни ағымдар, қауіп төндіретін факторлар, жастар тәрбиесі, жастардың діни сауаттылығы, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы, т. б. тақырыптар қызу талқыланып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандардан жауап алынды. Сондай-ақ, сұхбат барысында теолог мамандардың дайындағын «Деструктивті діни ағымдар» видеоролигі көрсетілді.
Шара соңында, кітапхана ұжымы оқырман қауымына өз алғысын айтып, теолог мамандарына асыл дінімізді дұрыс бағыттап, насихаттап оқырмандармен бөліскеніне ризашылғын білдірді.
Қазақ тілі
Русский