8 қаңтар күні 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері кітапхананың оқу залында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен Е.Елубаевтың «Көк жейде» атты кітабы бойынша дауыстап оқу өткізді.
Мақсаты: Ақын Е.Елубаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен таныстыру. Дауыстап оқу арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Кітапханашы Асқарова Н. ең алдымен ақын Е.Елубаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Одан «Көк жейде» атты кітабын дауыстап оқыды. Жеңіл ойнақы жазылған ақыннын өлеңдері жас бүлдіршіндерге ұнап, барлығы оқуға ниет білдірді.
Қазақ тілі
Русский