4 маусым — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне орай, Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» тақырыбында көрме — викторина ұйымдастырды.
Мақсаты: Елімізді дүние жүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, рәміздердің әрбір бөлшегіндегі ұлттық символиканы ұғындыру, оқырмандарды рәміздерді құрметтеп, мақтан тұтуға шақыру.
Шара барысында, бөлім кітапханашысы Алжанова Н. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мағлұмат беріп, тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмеге шолу жасап, конвертте жасырылған сұрақтарға оқырмандар жауап берді.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны, сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторларының өмірбаяны, шығармашылығы жайлы кітаптар және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылды. Атап айтқанда, кітапхананың кітап қорындағы Б. Жақыптың «Желбіреп тұрған көк туым — биік тұғырым», А. Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені», О. Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан» т. б. әдебиеттер.
Қазақ тілі
Русский


