3 шілде күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі 6 шілде — Астана күніне орай, «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты бейнесаяхат ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру. Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шара барысында кітапханашы Бағытжан Ф.Ж. оқырмандар назарына «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты бейнесаяхат көрсетті. Бұл бейнесаяхатта Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Астанамыздың өткені мен бүгінгі тарихы туралы мағлұматтар беріп, қаланың көрікті жерлерімен таныстырып, Астана — тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбеті, шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «Інжу маржан» деп бағалайтынын атап өтті.
Қазақ тілі
Русский

