13 ақпан күні Атырау облыстық балалар кітапханасының өнер секторының қызметкерлерінің ұймдастыруымен «Жас ісмер» үйірмесінің жетекшісі А.Мухамбетова кітапхана оқырмандарына және мүмкіндігі шектеулі балаларға «Ермексаз әлемі» мүсіндер жасау атты шеберлік сағатын өткізді.
Мақсаты: Балалардың шеберліктерін іскерліктерін шыңдап дамыту, мүсіндер жасау арқылы қол моторикасын дамыту.
Кітапханашы А.Мухамбетова саусақтарды біріктіріп, алақанды уқалау арқылы ермексаздан әр түрлі геометриялық фигуралар жасап, одан әрі жануарлардың мүсіндерін жасап көрсетті.
Балалар қызығушылық танытып, бірлесіп жасап, өз жұмыстарына тән риза болды.
Қазақ тілі
Русский



