«KITAP show» кітап фестивалі

2023 жылғы 21 сәуірде, сағат 10.00 –де Атырау облыстық балалар кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАП шоу-2023» фестивалі, түркі мемлекеттерінің  ұйымы жариялаған «2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы» аясында өтуде.

Кітап фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, балалардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тамыры терең түркі өркениетін  жаңғырту жолында, түбі бір түркі халықтарының өткен тарихы  мен әдеби мұрасын насихаттау.

Шара барасында

Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау өңірінен келген Әзербайжан «Новорусс», Ұйғыр «Пәрбәз», Өзбек «Ынтымақ» этно-мәдени бірлестігінің өқілдерімен кездесу ұйымдастырылып, «Түбі бір түркі әлемі»  атты көрмеге библиографиялық шолу жасалды, Н.Тілендиев атындағы КӨА-ның оқушылары «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініс көрсетті. №47 балабақша бүлдіршіндері мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары әсем ән мен мың бұралған биімен жалғасын тауып, шара соңында естелік сыйлықтар ұсынылды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля