Кітап тайм 2026

11 қыркүйек күні облыстық балалар кітапханасында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау мақсатында «Кітап time» республикалық фестивалі ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында «Кітап оқы – әлемді таны» кітап көрмесі, «Кітаптың құпия әлемі» әдеби лото, «Қызықты кітап – көңілді ойын» ойын-викторинасы, «Өз кітабыңның суретшісі бол» шығармашылық сағаты және «Кітаппен селфи» ұйымдастырылып, жас оқырмандарға арналған бірқатар танымдық әрі шығармашылық шаралар өткізілді.

Аталған іс-шаралар барысында балалар кітап әлеміне саяхат жасап, әдеби шығармалармен танысты, білімдерін толықтырып, түрлі ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Фестиваль жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың білім көкжиегін кеңейтуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті. Сонымен қатар кітапхананың балалардың білім алып, рухани дамып, шығармашылықпен айналысатын сүйікті ортасына айналуына мүмкіндік берді.

Фестиваль аясында барлығы 4 шара өткізіліп, 96 оқырман қамтылды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля