ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 15 қыркүйек күні облыстық балалар кітапханасының алаңында кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Kitap Time – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
Фестиваль аясында «Балалар кітап әлемінде» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасақталып, «Мен отбасыммен мақтанамын!»атты отбасылық сайыста Болатовтар отбасы І орын иегері атанды, «Ертегі әлеміне саяхат» жобасы аясында қуыршақтар театры «Бауырсақ» ертегісінен қойылым көрсетіп, «Поэзия party» жерлес ақын жазушыларының өлеңдерімен шеру жалғасын тапты, «Қазақ халқының дастарханы» иллюстративті көрме, «Сурет салу шеберлігі» шеберлік сағатымен жалғасын тауып, Brain ring интеллектуалды ойындар мен «Кітап оқиық алмасып» буккросинг ұйымдастырылды.
Фестивалға №15 орта мектептің 2-4 сынып, Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, «Жас қаламгер» клубының мүшелері, ЖББ Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп, И.Тайманов атындағы орта мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысты.
Қазақ тілі
Русский