Атырау облыстық балалар кітапханасында 23 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық акедемиялық кітапханасының ұйымдастыруымен кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында «KitapTime — 2022» кітап фестивалі өткізілді.
Фестиваль аясында «Жаңа кітаптар бізбен бірге» кітап көрмесі, «Бір кітап – бір кейіпкер» кітаптар шеруі, «Ертегі әлеміне саяхат» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» ертегілер оқу, «Мақта қыз» ертегісінен қойылым қойылып, «Ғажайып әлем – ол өлең» жобасы бойынша «Жырымен оятқан жүрегімді» ақын-жазушылардың өлеңдерін оқу, «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша «Қазақтың ұлттық киімінде қандай сыр бар?» иллиюстративті көрме, «Қолөнер – сырлы өнер» шеберлік сағаты оқырмандар назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Сыр сандық» интеллектуалды ойындар, «Кітап оқиық алмасып» буккросинг ұйымдастырылды.
Шараға «Сенім» элитарлық мектебі, №15 Абай атындағы орта мектебі, Н.Тлендиев атындағы Кіші Өнер Академиясы, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі студенттері, ата-аналар, ұстаздар және кітапхана оқырмандары белсене ат салысып, өз ризашылықтарын білдірді. Кітапхана атынан естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды.
Қатыс саны: 150
Қазақ тілі
Русский










