27 сәуір Атырау облыстық балалар кітапханасының өнер секторының ұйымдастыруымен «Күй әлемінің күмбезі» атты Құрманғазы Сағырбайұлына арналған күй керуені өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Күй тыңдау барысында музыканы ести білу, есте сақтау, орындау қабілеттерін жетілдіру. Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлт жандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында өнер секторының меңгерушісі С.Салихова оқырмандарға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығын қысқаша түсіндіріп, көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасап өтті. Кітапханашы А.Есболатқызы Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы» поэмасынан үзінді оқып берді. Әрі қарай бейнетаспа көрсетілді.
Шараға келген қонақтарымыз Мәдениет қайраткері, Жылыой ауданының құрметті азаматы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Гуманитарлық ғылымдар және өнер» факультеті, «Музыка және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Естаев Тынышбек Байгабулұлы және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Гуманитарлық ғылымдар және өнер» факультеті, «Музыка және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Андиров Қанат Болатұлы күй тартып, күйдің шығу тарихын айтып берсе. Тұрақты оқырмандарымыз №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің 3«д» сынып оқушысы Әбдіхамит Әмина «Саранжап», Еркінқала орта мектебінің 5 «в» сынып оқушысы Насихат Сымбат «Балбырауын», Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия оқушылары Сатыбай Расул «Сарыарқа», Қабды Әлихан «Еркесылқым», Нұрланова Айша Бибі «Машина», Болат Марғұлан «Сал-күрең», И.Тайманұлы мектебінің 4 «б» сынып оқушысы Қарашбай Гүлдана «Айжанқыз», «Сенім» элитарлық мектебінің 6 сынып оқушысы Макуов Дастан «Адай», Х.Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттік университетінің студенті Ғұмарова Әсел «Төремұрат» күйін тартса №15 Абай атындағы орта мектептің 9«а» сынып оқушылары Амандыққызы Нұрбақыт, Хабдеш Роза Құрманғазының күйлерін күмбірлетіп тартса, Абуғали Қарақат, Амангелді Жанерке, Максот Айзада мың бұралып би биледі. Соңында шараға қатысқан барлық оқырмандарымыз алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ тілі
Русский









