
Қаңтардың 28-ші жұлдызында кітапхананың өнер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті-күйші композиторы, домбыра өнерінің дара шебері Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған «Күй дүлділі» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонағы Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің оқытушысы, Қ.Ахмедияровтың шәкірті, күйші, Сакупова Айнұр Қойшыбайқызы және «Қоңыр» күйшілер ансамблі.
Мақсаты: күйшінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оқырмандардың ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру.
Шарада күйшінің өмір жолы, шығармашылығы насихатталып, қазақ күй өнеріндегі орны, ұлтымыздың асыл мұрасын тереңінен зерттеп, жаңа биікке жеткізген дара күйші екені аталып өтті. Қатысушылар күйшінің шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты. «Нарын», «Шабыт», «Арман» сияқты күйлер орындалып, «Қоңыр» күйшілер ансамблі оқырмандардың қошеметіне бөленді.
Қазақ тілі
Русский



