«Менің елім, менің Қазақстаным»

25 қазан – Республика күніне орай Атырау облыстық балалар кітапханасының оқу залында  «Менің елім, менің Қазақстаным»  атты интеллектуалды ойын өткізді.

        Мақсаты: Оқырмандарды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Оқырмандардың шапшаңдықтарын шыңдау.

Өнер секторының кітапханашысы Ш.Жұмалиева оқырмандарға алдымен «Менің Қазақстаным» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап өтті.  Одан әрі «Менің елім, менің Қазақстаным» атты интеллектуалды ойын өткізді.

Шараға №15 Абай атындағы орта мектептің 8«а» сынып оқушылары, Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Оқушылар көптеген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ойынға белсене атсалысты.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля