«Мұстафа Өзтүріктің шәкіртімін»

2024 жылы 29 ақпан күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетістік желкені» жобасының тұсауы кесілді. Жобамыздың алғашқы қонағы — Мұстафа Өзтүріктің шәкірті, жерлес ардагер спортшы, таэквондодан төрт дүркін Қазақстан чемпионы, таэквондодан бір дүркін Қазақстан кубогінің иегері, таэквондодан  ҚР-ның спорт шебері, таэквондодан ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушы Қабибек Сәдірұлы Мұхитов. Шараға Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжінің студенттері мен аталмыш колледждің кітапханашысы Броварник Ирина Анатольевна және Абай атындағы №15 орта мектептің 9 сынып оқушылары белсене атсалысты.

Жоба мақсаты: жетістікке жету жолындағы кейіпкеріміздің қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін оқырмандарға әңгімелеп, кәсіптегі өмір жолымен таныстыру.

Шара басында кітапханашы Н. Алжанова Қазақстан Таэквондо федерациясының құрылу тарихын, негізін қалаушылар Мұстафа Өзтүрік пен Бексейіт Түлкеиев екенін айтып өтті. Кеш қонағы әлемге әйгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің төл шәкірті Қабибек Сәдірұлы Мұхитовқа әртүрлі сұрақтар қойылып, оқырмандар тұшымды жауап пен келелі кеңестер алды. Сұхбат барысында танымал спортшы ардагерді есімі дүйім жұртқа мәлім спортшы ғана емес, басқа да қырынан көрдік. Спорттық ғұмырының барысында болған қиындықтарды және оларды жеңу үшін жасаған іс-әрекеттері жайлы ой қозғап, оқырмандармен жайлы атмосферада әңгіме өрбіді. Қабибек Сәдірұлы оқырмандардың болашағына зор үміт артатынын жеткізіп, жүрек жарды тілегін білдіріп, кітап оқуға шақырды.

Сонымен қатар, кітапхананың тұрақты оқырманы, Қайырғали Смағұлов атындағы  орта мектептің 6 сынып оқушысы,  Геолог спорт клубының таэквандо үйірмесіне қатысушы Ғабит Абылай таэквандо кимоносын киіп, таэквондо спортының қорғану әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Шара соңында, «Спорт — бақытқа бастар жол» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля