Наурыздың 5-ші жұлдызы кітапханада 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті.

Шараның мақсаты – аналар мен қыз-келіншектерге құрмет көрсету, оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Аталмыш шараға Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясы мен «Musicians_atyrau» өнер орталығының шәкірттері, №15 Абай атындағы орта мектептің 2 «ә» сынып оқушылары, «Зейнеп, Амина және балапандар» бөбекжай балабақшасы қатысты.

Мерекелік кеш барысында қатысушылар әсем ән айтып, мың бұралып би билеп,  күмбірлеген күй тартып, гитарада әуезді шығармалар орындады.  Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Әсем ән мен күйге толы бұл кеш қатысушыларға  мерекелік көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля