Облыстық балалар кітапханасы оқырмандарға ерекше әсер сыйлау мақсатында Махамбет атындағы қазақ драма театры сахнасында қойылған «Винни және оның достары» қойылымымен бірлескен “Мобильді кітапхана” жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты тактильді кітаптармен кітап таныстырылымын ұйымдастырды.

Ертегі әлеміндегі сүйікті кейіпкерлермен қауышқан кішкентай көрермендер үшін бұл күн ерекше есте қаларлық сәттерге толы болды. Театр қойылымының әсерін кітап көрмесі жалғастырып, балаларға кітапты тек оқып қана қоймай, ұстап сезіну арқылы тануға мүмкіндік берді.

Тактильді кітаптар — ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған, сезім мүшелері арқылы қабылдауды дамытатын құнды құрал. Шара барысында оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, қызықты кейіпкерлермен жақынырақ танысты.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля