Облыстық балалар кітапханасының веб-сайтқа хабарламасы

20 тамыз күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың белгілі қаламгері, майдангер, өлкетанушы Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім…»  атты тарихи портрет өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушының өмір жолы мен еңбегін таныстыру. Оның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа және ел тарихын құрметтеуге насихаттау.

Қалмұқан Исабаев — елін сүйген, халқына адал қызмет еткен біртуар тұлға. Ол 1925 жылы 25 тамыз күні Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде дүниеге келіп, жастайынан тағдырдың талай сынағын көрді. Жастық шағы соғыспен тұспа-тұс келіп, 1943 жылы әскерге аттанып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Майданда ерлік көрсетіп, Германияда Ильменау қаласының коменданты болған қазақтың санаулы сарбаздарының бірі еді. Соғыстан кейін ол қаламын серік етіп, әдебиет пен журналистика саласында елеулі еңбек етті. «Баян», «Арман арнасымен», «Комендант» сияқты көптеген шығармалар жазды. Оның туындылары елдік пен ерлікті дәріптейді. Сондай-ақ ол Абайдың өлеңін Германияға танытып, қазақ руханиятының насихатталуына үлес қосты. Қызыл жұлдыз, Құрмет ордендерімен марапатталған. Майдангер-жазушы 2015 жылы өмірден өтті.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля