20 қараша күні Облыстық балалар кітапханасының оқу залында «Жетістік желкені» жобасы аясында ақын, қаламгер, журналист, ҚР Журналистер Одағы мен Әлем Жазушылар Одағының мүшесі, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Арман Асылбекұлы Жайықбаевпен “Аттандық… жыл артып жауырға…” атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының І курс студенттері, Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының «Журналистика» мамандығының 10«ж» сынып оқушылары, №15 Абай атындағы орта мектептің 11«а» және 11«ә» сынып оқушылары қатысты.
Жоба мақсаты: Жетістікке жету жолындағы кейіпкеріміздің қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін оқырмандарға әңгімелеп, кәсіптегі өмір жолымен таныстыру.
Кездесу кеші АМУ «Музыка және өнер» кафедрасының ІІ курс студенті Аяпберген Бекарыстың орындауында Мәлгаждар Әубәкіровтың «Талас» күйінен бастау алып, өміріне өнерін серік еткен кеш қонағымыздың өмірі, отбасы, мектеп қабырғасындағы балалық шағы, қандай ақын-жазушыларға еліктеп өлең жаза бастағаны, қай ақын-жазушыны үлгі тұтқаны, шығармашылық жолы қалай басталғаны жайында қызықты әңгімесімен жалғасты.
Кеш барысында Н. Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әртісі, Халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әншісі Болатбек Құбашев Әбубәкір Кердерінің «Он бір тілек» термесін, Медет Жылкелдінің «Құнан нар» әнін шеберлікпен орындап, кештің көркемдігін арттырды.
Оқырмандар өз кезегінде ақынның сөзіне жазылған өлеңдерін тебіреніспен оқып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, ақын тарапынан толыққанды жауап алды.
Қазақ тілі
Русский





