2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Облыстық балалар кітапханасында “Біз кітаппен өсеміз” атты кітап апталығының 3-ші күні өнер секторының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Түркістан» кітабы бойынша «Ойна да ойлан» атты интеллектуалдық ойын өткізді.
Мақсаты: «Түркістан» кітабын оқырмандарға насихаттау, Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді оқырмандарға дәріптеу. Оқырмандардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту, ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.Оларды Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды берік сақтауға тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Ф.Бағытжан оқырмандарға «Түркістан» кітабына библиографиялық шолу жасап өтті. Одан әрі бейнеролик көрсетілді. Оқырмандар екі топқа бөлініп сұрақтарға жауап берді. Ойын шарты бойынша
1 кезең “Танысу”, 2 кезең “Жауап бер”, 3 кезең “Кім жылдам”, 4 кезең “Тапқыр болсаң тауып көр” атты төрт кезеңнен тұрды.
Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары №15 Абай атындағы орта мектептің 4 «ә» сынып оқушылары Полат Айару мен Адилова Аяулым «Қамажай», 5 «ғ» сынып оқушылар Абуғали Қарақат, Амангелді Жанерке мен Мақсот Айзада «Қара жорға» билерімен мың бұралса. Кіші өнер академиясының 3 сынып оқушылары Саламат Нұрдәулет саксафонда «Лисичка» әнімен, Ерболатқызы Аяна қобызда, Амангелді Нұрәли жанды дауыста өлең айтты. Шара соңында оқырмандарымызға алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.
Қазақ тілі
Русский






