17 шілде күні облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері кітапхана оқу залында «Ойнайық та ойлайық» атты брин-ринг өткізді.
Мақсаты: Жас ұрпақты адал еңбекке баулу, тек еңбек арқылы барлық жетістіктерге жетуге болатынын түсіндіру.
Жүргізуші- кітапханашы Т.Лесбайқызы оқырмандарды дайындап, ойын ережелерімен таныстырды. Ойын «Кім жылдам», «Қатені түзе», «Кім ақылды» атты 3 кезеңнен тұрды.
Балалар викториналық сұрақтарға мүдірмей жауап берді.Ойын барысында кітапханашы оқушыларға кітаптың білім бұлағы екендігін, кітап оқыған ақылды, парасатты адам болып өсетіндігін айтып, кітапхана оқырманы болуға шақырды.
Қазақ тілі
Русский

