Оқырмандар мен ата– аналарын, отбасы мүшелерін сайысқа қатыстыра отырып баланың ата — ана өміріндегі маңызын, ата — аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт — дәстүрі туралы білімдерін байқау

Оқырмандар мен ата– аналарын, отбасы мүшелерін сайысқа қатыстыра отырып баланың ата — ана өміріндегі маңызын, ата — аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт — дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әке мейірімі мен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан — жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Осы орайда бүгін облыстық балалар кітапханасында «Оқуға құштар отбасы» атты  отбасылық байқау өткізілді.

Байқау:

  1. «Маған ұнаған….» авторға, кітапқа, кейіпкерге қатысты өз лебізін білдіру
  • «Оқыңыз — айтыңыз» Кітаптың мазмұнын айту;
  • «Жалғасы бар….» Оқыған кітабын ойша жалғастыру;

2.«Кейіпкерлер дефилесі». Оқылған кітаптарының кейіпкерлерінен сән үлгісін көрсету;

3.«Тез тап» Сұрақ — жауап ойыны;

4.«Біз оқимыз және сурет саламыз» Шығарма бойынша сурет салу;

5.Үй тапсырмасы «Театрландырылған көрініс» көрсету кезеңдерімен бақ сынасқан отбасылар өз белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетіп, Сәндібековтер, Кеңесовтер, Жұлдызовтар отбасылары «Алғыс хаттармен» марапатталса,

– Әлімжановтар отбасы ІІІ орын;

– Ерхановтар отбасы ІІ орын;

–Рахметовтар отбасы І-ші жүлделі орындарға ие болып, кітапхана атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля