«ORDA» ертегілері кітабының тұсаукесері

«2022 жыл – Балалар жылы» аясында заманауи ертегілер арқылы ұлттық және рухани құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, балаларға аңыздар мен ертегілер арқылы рухани тәрбие беру мақсатында «OrdaGen»балаларға арналған ертегілер жобасы іске асырылуда.

Жобаны қолдау мақсатында Атырау облыстық балалар кітапханасы жоба бойынша жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесерін ұйымдастырды.

Шара мақсаты: Заманауи ертегілер арқылы кітапхана оқырмандары мен балаларға ұлттық және рухани құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, аңыздар мен ертегілер арқылы тәрбие беру, ертегі арқылы баланың қиялын дамыту, туындаған сұрағына жауап беріп баланың көкжиегін кеңейту; балаларға арналған қазақтілді контенттің дамуына үлес қосу;

Тұсаукесер кешіне мәдениет басқармасы және кітапхана басшылары, аудандық балалар кітапханаларының меңгерушілері, жергілікті ақын жазушылар, мектеп ұстаздары мен кітапхана оқырмандары, «OrdaGen» жобасының жетекшілері шақырылды.

Жобамен таныстыру үшін жетекшісі Парасат Танен жобаның мүмкіншіліктерін және ертегі арқылы балалардың емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруға әсер ететіндігін айта келе, QR код арқылы интерактивті тақтадан анимациялық мултфильмдерді көрсетті.

Жоба аясында жарық көрген ертегі кітаптарының тұсауын балалар жазушысы Болат Дәулетов, кітапхана басшылары С.Салахединқызы мен П.Қайыржанқызы кесті. Кітапхана оқырмандары жаңа туындылардан кітап шеруін өткізіп,  «Ғаламторсыз ғалам» ертегісінен көрініс көрсетті.

Шарада  кітапхана оқырмандары өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарының ұйымдастыруымен кітап дефилесі көрсетілді.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля