«Қазақ солдатының ұмытылмас ерлігі» атты ақпараттық сағат

13 қырқүйек күні Атырау облыстық балалар кітапханасының                 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловтың туғанына 105 жыл толуына орай, «Қазақ солдатының ұмытылмас ерлігі» атты ақпараттық сағат өткізді. Шараға «Сенім» элитарлық мектеп — балабақша кешенінің 5-6 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:  Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Қ. Смағұловтың өмір жолын, майданда және тылда көрсеткен еңбегін еске ала отырып, отты жылдары батылдық жігер қайратын, оқ пен су ортасындағы отан үшін жан аямас таңғажайып  ерлігін оқырман қауымына насихаттау.

Алдымен оқырмандар назарына жерлес батырдың өмірбаяны жайлы бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы Л. Ахметкалиева Жұмабай Доспановтың «Майдан кешкен» кітабымен, сондай-ақ Қайырғали Смағұловқа арнап жазылған жинақтармен таныстырып, батырдың өмірі мен ерлігі Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болғанын да атап өтті.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля