«Қазақтың кесте өнері» кітап презентациясы

Халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдары, шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл-парасаттарының жауһары – кесте өнері қазақ қолөнерінің ерекше түрінің бірі.

8 ақпан 2024 жылы Атырау облыстық балалар кітапханасында «Қазақтың кесте өнері» атты кітаптың таныстырылымы өткізілді.

Кітап екі бөлімнен тұрады.Бұл кітапта кесте түрлері және оны көркемдеудің сан алуан тәсілдері, тігу жолдары баяндалып қана қоймай, бейне суреттермен көрсетілген. Оқырмандар бұл кітаптан кесте тігуге қажетті материалдар, аспаптар, жіп түрлерімен танысып, пайдалы кеңестер ала алады.

Мақсаты: Оқырмандарды кітаппен толық таныстыру. Қазақтың қолөнерінің ерекше түрі – кесте өнері жайында білімін арттырып, танымдарын кеңейту. Қазақ халқының ежелден бері өз салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа асыл қазына ретінде жеткізгенін түсіндіру. Ою-өрнекке, кестеге деген қызығушылықтарын оятып, қолөнерге деген шабыттарын келтіру.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля