«Book week-2024» кітап апталығының үшінші күнінде ғалым-геолог, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, (Медеу Сәрсеке «Қазақтың Қанышы» кітабы бойынша) «Қазақтың Қанышы» атты бір кітаптың көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Медеу Сәрсекенің шығармашылық өмірбаянымен таныстыра отырып, «Қазақтың Қанышы» роман-эссе туралы мәліметтер беру. Қаныш Имантайұлының еліміздің ғылымы мен өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесін түсіндіру.
Шара қазақ және кеңес жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағынының мүшесі Медеу Сәрсеке жайлы бейнеролик көрсетілумен басталды. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы автордың «Дара дарын», «Жетінші толқын», «От және атом», «Сәтбаев», «Қуғындалған Сәтбаев», «Семей қасіреті», «Ермұхан Бекмаханов» атты кітаптарымен таныстырылды.
Кітапханашы Н. Алжанова Медеу Сәрсеке ұзақ ізденіс жасап, Жезқазған кен орынын ашқан, металлогения ғылымы мектебінің негізін қалаушы, Қазақ Ғылым академиясының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті, академик Қ.Сәтбаевтың өмір соқпақтарын ерінбей кезіп Баянауыл, Ұлытау-Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Ташкент, Том, Мәскеу, Ленинград және Алматы мұрағаттарын ақтарып, 50 жылдан астам уақыт Қ. Сәтбаев тұлғасын таныту мақсатында «Қазақтың Қанышы» роман-эссесін өмірге әкелгенін, кітаптың көлемді үш бөлімнен тұратыны атап айтты. Оқырмандар бұл кітаптан Қаныш Сәтбаев секілді ірі тұлғаның бүкіл болмысын, кескін келбетін, жан дүниесін ғана емес кісілік қасиетін, азаматтық қалпын, білім деңгейін түгел танып шықты.
Шара соңында, оқырмандармен «Ғажайып алма ағашы» ойыны ойнатылып, белсене қатысқан оқырмандарға кітапхана атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қазақ тілі
Русский