27 қыркүйек 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қызметкерлері ұйымдастыруымен «Ғажап кітаптар әлемі» атты көрме инсталяция өткізді.
Мақсаты:Оқырмандарды кітап оқуға баулу, қызығушылықтарын арттыру.
Бөлім кітапханашысы Асқарова Н. кішкентай оқырмандарды жаңа «Фолиант» баспасының кітаптарымен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Жасақталған кітап инсталяциясына түсінік берді. Сонымен қатар оқырмандарға сұрақтар қойылып, балалар толықтай жауап беріп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Қазақ тілі
Русский