18.11.2024 күні Облыстық балалар кітапханасының оқузалында 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері «Сәлем саған, Алтын күз» атты күзгі балл сайысын өткізді. Мерекеге «Нұржауған» бала – бақшасының бүлдіршіндері мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Оқырмандарға күзгі мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап оқуға баулу.
Кітапхананың оқу залы күзгі көрністермен безендіріліп «Күз – береке молшылық» атты кітап көрмесіне кітапханашы А.Ғабитқызы библиографиялық шолу жасады. Сайыс
1.«Кел танысайық»
2.«Өнерлі өрендер»
3.«Сән үлгісі»
4.«Күз сыйы» қолөнер бұйымдарын жасау кезеңдерімен таныстырып өтті.
Сайысқа қатысушылар әр кезең бойынша жан-жақты,өнерлерін көрсетіп, нәтижесінде Рамазан Ізбасар, Орақ Асылай «Ең әдемі жұп»,;
Амангелді Фаруқ, Мақсот Хадиджа «Өнерлі жұп»;
Саламат Нұрдаулет, Сатқали Камила «Шебер жұп»;
Дастанұлы Ғазиз, Қонысбай Айжұлдыз «Тапқыр жұп» номинациялары бойынша марапатталып, кітапхана атынан барлық қатысушыларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қазақ тілі
Русский


