«Серікбол Қондыбай — рух жауынгері»

20 қазан күні кітапхананың 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі ғалым, мифолог, өлкетанушы Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына арналған «Серікбол Қондыбай — рух жауынгері» атты бейнеролик ұйымдастырды.

Мақсаты: Ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан С. Қондыбайдың шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту, ғылыми мұрасын насихаттау, оның өмірін үлгі ету.

Шараға №15 Абай атындағы орта сектептің 7 «а» сынып оқушылары қатысты.

Бөлім кітапханашысы Джумаева Ш. Серікбол Қондыбайдың өмір жолы және қазақ мифологиясын зерттеудегі ғылымға сіңірген орасан зор еңбегі, соңына қыруар ғылыми еңбектер қалдырған, біртуар ғалымның шығармашылығын танып білу және оның отандық ғылымдағы орыны туралы айтып өтті.

…Небәрі 36 жыл ғана ғұмыр кешіп, жарық жұлдыздай өмірден өткен Серікбол Қондыбай халқына өшпес мұра қалдырғаны хақ. Оқырмандар назарына «Серікбол Қондыбай — рух жауынгері» атты бейнеролик көрсетілді.

Сондай-ақ ғалымның әр жылдары жарық көрген «Серікбол Қондыбай рух жауынгері», «Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми-танымдық тұжырымдамасы» ғылыми жинақ, «Таңдамалы мақалалары», «Байырғы қазақ дүниетанымының негіздері», «Алпамыс жырының ғаламы» атты кітаптарының макеттері шараның көркіне айналды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля