ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы «Адал-ас» компаниясының қолдауымен «Шәкәрім оқулары» атты Республикалық Шәкәрім мұраларын жатқа айту байқауы Атырау облыстық балалар кітапханасында 24 ақпан күні өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушыларды дана бабамыздың мұраларын танып, зерттеуге ынталандыру. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Шәкәрім Мұраларын жалпы адамзатқа ортақ қазына деп бағалай отырып, бұл асыл мұраны ең алдымен оқушылардың жаттап, меңгеруі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген ұлттық құндылықтарды насихатттау, ұлт тұтастығын нығайту.
Байқауда Атырау облыстық балалар кітапханасынан №22
Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектептің 7 сынып оқушысы Бақтыбай Эсфир;
— Атырау қалалық балалар кітапханасынан Дамбы ауылы Амангелді орта мектебінің 7 сынып оқушысы Тілекхайыр Аружан;
- Құрманғазы аудандық балалар кітапханасынан Абай орта мектебінің оқушысы Қазиханов Аманбек,
- Мақат аудандық балалар кітапханасынан Х.Санбаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Сағидолла Ақдәулет,
- Жылыой аудандық балалар кітапханасынан №3 орта мектеп 7 сынып оқушысы Жаңбырбай Ақтілек;
- Махамбет аудандық балалар кітапханасынан Есбол орта мектебінің 6 сынып оқушысы Айбекұлы Елдар;
- Исатай аудандық балалар кітапханасынан Аққыстау орта мектебінің 5 сынып оқушысы Қобыландықызы Айкөркем атты оқырмандар бақ сынасты.
Байқау «Талап», «Білім», «Таза ақыл» кезеңдерімен өткізілді. Байқау талапкерлері әр кезең бойынша өз біліктіліктерін көрсетіп, жақсы дайындықпен қатысты. Сарапшылардың әділ бағалауы бойынша байқау жеңімпазы Атырау қалалық балалар кітапханасының қатысушысы Тілекхайыр Аружан жеңімпаз болып танылды.
Қазақ тілі
Русский


