Спорт-бақытқа бастар жол

Мақсаты: оқырмандарды қаламыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген жас спортшылармен таныстыру. Салауатты өмір салтын ұстануға, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу. Спортқа қызығушылықтарын арттыру.

Бұл кездесу кешіне баскетболдан  КМС спорт шеберіне үміткер Темірханов Алихан, бокстан КМС спорт шеберіне үміткер Есенаманов Арсен сондай-ақ, шинкиокушинкай каратэ  Әмір Көркем мен Амир Батырхан қатысты. Шара барысында жас спортшыларымызға әртүрлі сұрақтар қойылды: Сіздің осы спорт түрін таңдауыңызға не себеп болды? Спортқа неше жасыңыздан бастап келдіңіз?Алға қойған мақсаттарың қандай? және т.б. Одан әрі кітапханашы Н.Асқарова оқырмандарға денсаулықты күту, шынықтыру, спорттың түрлері туралы ақпарат беріп, бос уақыттарында спортпен шұғылдануға шақырды. Шараға қатысқан қонақтарымызға кітапхана атынан алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табысталды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля