Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл
Атырау облыстық балалар кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, халық жазушысы, драматург, филология ғылымдарының докторы Ә.Тәжібаевтің туғанына 115 жыл толуына орай поэтикалық кеш өтті.
Шараның басты мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау;
Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен еркшеленеді.
Шара барысында ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйысдастырылды. Көрмеге ақынның «Май», «Алақай», «Жылдар», «Жаңа өрімдер», «Есімдегілер» т.б. кітаптары қойылып, библиографиялық шолу жасады. Одан әрі оқырмандар ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып берді.
Қазақ тілі
Русский