«Тахауи Ахтанов — әдебиет әлеміндегі шырақ сәулесі»

22 маусым күні Атырау облыстық балалар кітапханасының  5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің классигі, жазушы — драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Тахауи Ахтанов — әдебиет әлеміндегі шырақ сәулесі» атты әдеби қазба өтті.

Мақсаты: Оқырмандарды жазушының өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру.

Кітапханашы Н. Алжанова Т. Ахтановтың өнегелі өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, жазушының майдан даласына өзі сұранып аттанғаны, соғыста қолына қарумен бірге қаламын да түсірместен майдан газеттерінің беттерінде  әдеби көркем шығармалары, өлеңдері мен очерктері жарық көргенін атап айтты. Сонымен қатар, жазушы туралы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар мен кітаптардан жасақталған көрмеге шолу жасады. Көрмеге атап айтсақ «Қаһарлы күндер», «Көкейкесті», «Керуен»,  «Үндістан»  т. б. кітаптары қойылды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля