Облыстық балалар кітапханасының оқу залында 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қызметкерлері «Таңғажайып Алтын күз» атты күзгі балл сайысын өткізді.
Мерекеге Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 4 «г» сынып оқушылары мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Оқырмандарға күзгі мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту,кітап оқуға баулу.
Кітапхананың оқу залы күзгі көрністермен безендірілді.Кештің жүргізушісі Б.Тлепова ортаға шығып,мерекемен құттықтап, «Таңғажайып Алтын күз» атты кітап көрмесіне шолу жасады.Одан әрі сайыстың 7 кезеңімен таныстырып өтті.Атап айтсақ:
- «Кел танысайық»
- «Өнерлі өрендер»
- «Күз сыйы»
- «Сән үлгісі»
- «Мерекелік дастархан»
- «Сиамдық егіздер»
- «Викторина».
Сайысқа қатысушылар сайыстың әр кезеңі бойынша жан-жақты,өнерлі екендерін көрсетті. «Сиамдық егіздер» кезеңі бойынша сайыскерлер қағаздағы оюды әдемі,тез қию арқылы шапшаңдықтарын көрсетсе, «Күз сыйы» кезеңі бойынша колөнер дайындап, өздерінің шеберліктерін танытты.Нәтижесінде Мырзағали Айсұлтан мен Абулхайыр Айлин «Ең әдемі жұп», Абуғали Мансур мен Даулеткереева Інжу «Өнерлі жұп»,Саламат Нұрдаулет «Шебер жұп», Амангелді Нұрәли мен Салық Алина «Тапқыр жұп», Ғалимжанов Иманғали мен Сағидолла Аяулым «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша марапатталып,барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Шара соңы қатысушылардың «Біз бақытты баламыз» әнін хормен орындауымен аяқталды.
Қазақ тілі
Русский


