«Театр көшін бастаған…»

12 наурыз 2024 жылы Атырау облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Жетістік желкені» жобасы аясында «Театр көшін бастаған…» атты кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Жетістікке жету жолындағы кейіпкеріміздің қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін оқырмандарға әңгімелеп, кәсіптегі өмір жолымен таныстыру.

Шарамыздың құрметті қонағы Атырау Жастар театрының көркемдік жетекшісі, бас режиссер Мұқанғали Хамидоллаұлы Томанов болды. Сонымен қатар, Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары қатысты.

Режиссерлікке деген алғашқы қадамы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына деген қызығушылығынан басталған Мұқанғали Томанов көптеген қойылған сұрақтарға жауап беріп, жетістікке жету жолындағы өзінің тәжірибелерімен, қиын да қызықты сәттерімен оқырмандармен бөлісті. Атағы елге танымал режиссер өзінің «Сағыныш» атты жалғыз дана кітабын кітапханамызға сыйға тартты. Шара барысында оқырмандар өз өнерлерін көрсетіп, «Кероғлы», «Алаш аманаты» атты күйлерін және «Мен, мен едім» атты термесін орындады. Кездесу кеші жақсы деңгейде өтіп, керемет көңіл-күй сыйлады.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля