«Театр – мәдениет ошағы» атты кездесу кеші

25 қыркүйек 2024 жылы Атырау облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Жетістік желкені» жобасы аясында «Театр – мәдениет ошағы» атты кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Жетістікке жету жолындағы кейіпкеріміздің қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін оқырмандарға әңгімелеп, өнердегі өмір жолымен таныстыру.

Шарамыздың құрметті қонағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актрисасы Гүлнұр Саясатқызы болды. Сонымен қатар, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің студенттері, №55 «Бөбекжай» балабақшасының ән пәнінің мұғалімдері қатысты.

Актрисалыққа деген алғашқы қадамы он жеті жасынан басталған. Гүлнұр Саясатқызы көптеген қойылған сұрақтарға жауап беріп, жетістікке жету жолындағы өзінің тәжірибелерімен, қиын да қызықты сәттерімен оқырмандармен бөлісті. Шара барысында оқырмандарға өз өнерімен «Медея» трагедиясынан монолог оқып берді. Кездесу кеші жақсы деңгейде өтіп, керемет көңіл-күй сыйлады.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля