«Тіл- ұлттың жаны, әр халықтың байлығы»

4 қыркүйек 2024 ж. күні  Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне» орай, «Тіл- ұлттың жаны, әр халықтың байлығы» атты ақпараттық сағат  ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру, еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту.

Ақпараттық сағат барысында кітапханашы Ж.Молдашева оқырмандарға тілдің қасиеті жайлы, көп тілді үйрену адамның санасы мен дүниетанымын кеңейтетінін, ұлттық тілді білудің маңызы туралы айтты. Сонымен қатар, оқырмандарға тіл туралы сұрақтар қойылып, сұрақтарға толық жауап алынды. Мақал-мәтелдер құрастырылды.

Көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар қойылды. Шараға Атырау «Білім — Инновация» лицейінің оқушылары қатысты.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля