2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай ұйымдастырылған “Book week-2024” кітап апталығының екінші күнінде «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындар сайысы өткізілді.
Мақсаты: Ұрпақтан — ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты жас ұрпаққа ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Шара Ғаділбекұлы Алихан «Ерке сылқым», «Адай» күйлерін, ал Қуанышбек Айару «Біз – Отанның бөбегі» атты ән шырқауымен басталды. Одан әрі кітапханашы Ш.Жұмалиева қазақтың ұлттық тұрмыс-мәдениетіне байланысты жасақталған кітап көрмесімен таныстырды. Ойын қатысушылары жеребе тастау арқылы 2 топқа бөлініп,
1) Асық ойнау
2) Арқан тартыс
3) «Кім керек?»
4) Мақал-мәтел сайысы сынды кезеңдер бойынша жарысты.
Шара соңында белсене қатысқан барлық оқырмандарға кітапхана атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар тарту етілді.

Қазақ тілі
Русский