«Ұстазым-ұлағатым» кездесу кеші

6 қазан күні облыстық балалар кітапханасының кітапхана оқу залында  1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұстазым-ұлағатым» атты кездесу кеші өтті.

     Мақсаты: Оқырмандарға ұстаздар туралы, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Кітапханашы Б.Ю.Тлепова ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, кеш қонағы көп жылдар бойы балалар үшін аянбай еңбек еткен №32  орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Махметова Орынша Аманқызына сөз берді.  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…», -деп Абай атамыз айтқандай кеш қонағымыз еңбек еткен жылдарындағы есінде қалған қызықты, қуанышты сәттерімен бөлісті.Ұстаз бен шәкірт арасы тартымды,жүрекке жылы әңгімемен жалғасын тауып, кішкентай оқырмандардың қойған сұрақтарына шынайы жауап берді. Сонымен қатар, оқушылар  ұстаздарына арнаған өлең шумақтарын оқып,ән мен биден шашу шашып ,керемет көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында кітапхана атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля