Жас жүрген жер — мереке, қарт жүрген жер — береке

«Қарты бар ел — қазыналы ел» демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту — ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі «1 қазан — Халықаралық қарттар күні» деп белгіленген. Осы орайда, талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында

Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Жас жүрген жер — мереке, қарт жүрген жер — береке» атты құрметті демалыстағы зейнеткер-әріптестерімізбен кездесу кешін ұйымдастырды.

Кешті кітапхана басшысы П.К. Утеугалиева құттықтау сөзбен ашып, ұжым зейнеткерлеріне жылы лебізін білдірді.

Кітапханаға зор еңбек сіңірген, қадірлі қонақтарымыз Татьяна Андреевна Козак, Зоя Үкіметқызы Рысова, Роза Қайыржанқызы Махмутова, Асима Отарбайқызы Интенгенова, Жеміс Ізтілеуқызы Жұбаналиева, Айша Кенжеәліқызы Сүндетова, Зубайда Орынқызы Мединеева сөз сөйлеп, өз еңбек жолдарындағы қызықты оқиғаларымен  бөлісіп, кітапхана ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Қарттар күніне арналған бұл шара шығармашылық ойындармен жалғасын тапты. Оқырмандар да  шет қалмады, ардагерлердің әңгімелерінің көңілден шыққандығын айтып, өз тілектерін де жолдады.

Шара соңында қонақтарға кітапхана атынан сый-сияпат таратылды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля