Жергілікті ақын Бақытгүл Бабашпен «Бақыт гүлі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды

17 ақпан күні Облыстық балалар кітапханасының оқу залында «Жетістік желкені» жобасы аясында Республикалық Махамбет сыйлығының, Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегері, ІХ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Каспий — достық теңізі» фестивалінің Ақбөбек атындағы арнайы сыйлығын алған, Республикалық «Алтын қалам», «Үркер-үміт» әдеби байқауларының, жыр мүшәйраларының жүлдегері, жергілікті ақын Бақытгүл Бабашпен «Бақыт гүлі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіне №15 Абай атындағы орта мектептің 8«а» сынып оқушылары мен №21 Жамбыл атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Жоба мақсаты: жетістікке жету жолындағы кейіпкеріміздің қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін оқырмандарға әңгімелеп, кәсіптегі өмір жолымен таныстыру.

Кездесу кеші кітапхана басшысы П.К.Утеугалиеваның және оқырмандардың жерлес ақын қыз Бақытгүл Әміржанқызын туған күнімен құттықтаудан бастау алып, өміріне өнерін серік еткен кеш қонағымыздың өмірі, отбасы, мектеп қабырғасындағы балалық шағы, студенттік шағының албырт кезі, неше жасынан өлең жазуды серік еткені, қандай ақын-жазушыларға еліктеп өлең жаза бастағаны, қай ақын-жазушыны үлгі тұтқаны жайында қызықты әңгімесімен жалғасты.

Кеш барысында оқырмандар ақынның сөзіне жазылған өлеңдерін тебіреніспен оқып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, ақын тарапынан толыққанды жауап алды.

Шара соңында, ақынның құрбы-достарының тосыннан жасаған бейнеқұттықтауын тамашалап, ақын қаламынан туындаған жаңа жырын оқып, тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленді.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля