Жетістік желкені

2 қазан облыстық балалар кітапханасының өнер бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жетістік желкені» жобасы аясында «Шыңға жетелер шыдам мен жігер» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонағы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аманбай Қыздарбаев Қыздарбайұлы.

Мақсаты: Спорттың өміріміздегі орнын көрсету, жастарды салауатты өмір салтына, мақсатқа жетуге, еңбекқорлыққа баулу.

Кездесу барысында кеш қонағы өзінің спорттағы алғашқы жеңістері туралы әсерлі әңгімелеп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Тілеумағамбет Каусар, Кәрібжан Ақжарқын және кітапханашы Қаршыгиева Сандуғаш өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, кітапханашы Бейбітқызы Айна «Жеңіс жолындағы жігер» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Шара соңында кеш қонағына кітапхана атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля