Жол тәртібін сақтайық – қауіпсіздікті қорғайық!

16 қыркүйек күні 1 – 4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «ALASH UNTED GYMNASIUM SCHOOL» мектебінің 4 «б» сынып оқушыларының және Атырау қаласы полиция басқармасы, патрульдік батальонының қызмет аға инспекторы полиция капитаны Берік Жандарбектің қатысуымен «Жол тәртібін сақтайық!» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен, жол белгілерін айыра білу дағдыларымен таныстырып, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Шара барысында полиция басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Берік Жандарбек оқырмандарға жолда жүру ережелерін, жаяу жүргіншіге білу керек болған қағидаларды бірнеше дәлелдермен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ,  оқырмандар толғандырған сұрақтарына толық жауаптарын алды.Және де олар жол ережесіне байланысты өздері дайындаған «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты көрініс көрсетіп,бөлім кітапханашысы «Бала –басты жолаушы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді.

Шара соңында,1-4  сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі Нурия Аманкелдіқызы сөз сөйлеп, кітапхана атынан кеш қонағына алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля